
Компания туралы

«PatentRoom» («ПатентРум») компаниясы 2010 жылдың наурыз айында құрылған.
Директоры – Жаркынбаева Шолпан Сабыровна, Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілі, тіркеу нөмірі № 97.
-
Дипломды химик және биолог (әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті), заңгер (Д.А. Қонаев атындағы Гуманитарлық университет);
-
1995–2007 жылдары – Қазақстан Республикасының патенттік ведомствосында қызмет атқарды: тауар белгілері бойынша сарапшы, кейін аналитикалық зерттеулер және халықаралық байланыстар бөлімінің бастығы;
-
БҰҰ-да (зияткерлік меншік саласындағы бөлімшесінде), сондай-ақ шетелдік патенттік ведомстволарда тағылымдамадан өткен;
-
Патенттік сенім білдірілген өкілдерді даярлау бойынша Ресей мемлекеттік зияткерлік меншік институтының курстарынан өткен;
-
«TRADEMARKS THROUGHOUT THE WORLD» халықаралық жинағында («Thomson Reuters Business» баспасы) «Trademarks in Kazakhstan» бөлімінің авторы;
-
Бірқатар жарияланымдардың, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарындағы мақалалардың авторы;
-
Халықаралық конференциялар мен семинарларға қатысушы.
Фотогалерея











